Ата анаға кеңес » Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77394554
Есепші бөлімі:
+7(72) 77395048
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2022

Ата анаға кеңес

1-сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес

1-СЫНЫП АТА-АНАЛАРЫ НЕГЕ ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК?

1.БАЛАНЫҢ ЖАЗУЫ НЕГЕ ЖАМАН?

Себебі баланың саусағы дұрыс дамымаған немесе қолының моторикасы ұсақ. Ұсақ моторика ұсақ жұмыс барысында дамиды. Баламен бірге сурет салыңыз, ермексазбен мүсін жасаңыз, құрастырыңыз, қыздармен тоқыңыз, кесте тігіңіз, бисермен тоқыңыз, аппликациялар, суреттер киыңыз. Баларды тұшпара, самса жасауға, жармаларды тазалауға қатыстырыңыз. Саусақтарға арналған гимнастика жасаңыз.

2. БАЛА САБАҚТА ОТЫРЫП МҰҒАЛІМ ҚОЙҒАН СҰРАҚТАРДЫ ЕСТІМЕЙДІ, ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАМАЙДЫ?

Себебі: бала айналадағы бөгде заттарға алаң болады. Бала өзінің ішкі әлеміне, өзіне беріледі.

Себебі ата-ана, үлкендер тарапынан қамқорлық, сүйіспеншілік, назардың жетіспеушілігі.

Эмоциялыққолдауменбалағаназараударуқажет. Баланы бақылаңыз, біргесуретсалыңыз, құрастырыңыз. Сәттіліктіқамтамасызетіңіз.

3.СОЗЫЛМАЛЫ СӘТСІЗДІК.

Себебі:Баланың мектепке жеткіліксіз дайындығы (дамымаған моторика, ерікті назардың қалыптаспауы).

Қобалжушылық, өзіне сенбеушілік (мектеп алды жасында қалыптасқан отбасылық қақтығыстар мен отбасылық қарым-қатынастың әсері).

Ата-ана үмітінің аса көтеріп жіберуі (тек жақсы жетістіктерді күту, немесе мектеп алдында қорқыныш сезіну)

Көмек себептерін жоюдан тұрады.

4. ВЕРБАЛИЗМ(көп сөйлеу).(Бала көп сөйлейді, себебі бала өзін-өзі өсіре бағалайды, үлкендер баланың қабілеттерін өсіре бағалайды, бейнелі ойлауда қиыншылықтар көреді, есептер шығаруға қабілеті жоқ)

Себебі: сөйлеу дамуы өте жоғары және ойлау дамуында кешігу бар.

Бейнелеу ойлауды дамытуға көмек көрсету (сурет салу, мозаика, құрастыру, аппликация), сөйлеу әрекетінде тарта сөйлеу, нәтижелі қызметін ынталандыру.

5. ПСИХОФИЗИКАЛЫҚ ИНФАНТИЛИЗМ(Бала өзін мектеп жасына дейінгі баладай үстайды, мектептің талаптарын маңызды деп есептемейді, өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптаспаған).

Себебі: мектеп деңгейіне жетілмегені.

Бұндай баланы тағы бір жыл мектеп жасына дейінгі мекемесіне жіберу дұрыс болады.

6. БЕЙІМСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ(түрлі қорқыныш сезімі; жылау; көңіл күйдің өзгеруі; басым, ішім ауырды деп шағыну; бала ұйықтап жатып сөйлеуі немесе айқайлауы)

Себебі: оқу балаға қиын беріледі, оған жайсыз.

Көмек көрсету үшін баламен әңгімелесу, баланы тыңдау және баланы бақылау қажет. Ұйқы алдында баламен серуендеп келіңіз, сырласыңыз. Бұл жағдайды байқап, сыныптастары мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелесіңіз, пікірлесіңіз.

7.БАЛА АТА-АНАНЫҢ КӨМЕГІНСІЗ ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАЙ АЛМАЙДЫ?(Балалар өз беттерімен үй тапсырмасын орындай алады және міндетті)

Себебі: өз өзіне сенбеушілік, қобалжушылық, өз бетімен еңбек ету білмегендігі.

Баламен жұмыс істеу барысында баланың қабілеті мен өздігінен дамуына көмек көрсету.

Балаға ол өз бетімен барлығын орындай алатынын түсіндіру. Бірақ ескертіңіз: «Егер орындай алмасан меннен сұрауға болады»

Тапсырмаларды тексеріп тұруды ұсыныңыз: «Егер қарсы болмасан мен, сен шығарған есептерді кейін тексеріп берейін»

Баланы аралық нәтижелер үшін мақтап тұру. Бұл баланың сенімділігін күшейтеді.

Егер жұмыс тоқтап қалса, біріншіден неге бұлай болғанын анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Сен бұны қалай санадың?» немесе «Сен мына санды қайдан алдың?»

Егер бала түсіне алмаса, шешімнің басқа әдістерін ұсынбаңыз.

Бала қателессе, нақты кеңес беріңіз: «Сен шешімде 15 санды таптың, ал мүлде басқа сан жаздың» немесе есепті бірнеше кезеңнен шығарындар.

Бала өзі жалғыз сенімді шығара алса, балаға көмектеспеңі.

Мұғаліммен балаңыздың білімдегі олқылықтары туралы әңгімелесіп, ақылдасып тұрыңыз. Балаға есепті шығару жолдарын мектептегідей түсіндіріп тұрсаңыз, баланы шатыстырмайсыз.

Үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетуде ерекше жағдайлармен шек қойып тұрыңыз: ұзақ ауру немесе өте күрделі тақырып

Баламен сабақ оқып отырсаңыз, балаға өз бетімен ойлауға, есептеуге, тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз, араласпаңыз.

Похожие публикации:

01 март 2022 Ата-аналарға
11 февраль 2022 Психолог бұрышы
23 апрель 2022 Психолог бұрышы
10 март 2020 ыстық тамақ