Психолог бұрышы » Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77394554
Есепші бөлімі:
+7(72) 77395048
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2022

Психолог бұрышы











 




«Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»   мемлекеттік  коммуналдық  мекемесі   I  жарты жылдықтағы  психологиялық   қызмет бойынша жүргізілген жұмыстардың талдау есебі














Мектеп психологы:  Туғанбаева Ақмарал Тотыханқызы


«Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің психологиялық қызметінің мақсаты - Жаңартылған білім беру аясында дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда ата-аналардың, педагогикалық ұжымның, білім алушылардың креативті, функционалды сауатты, шығармашыл, бәсекелестік сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыра отырып білім беру әлеуетін көтеру, психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік  - психологиялық жағдай жасау және қолдау көрсету. 

Міндеті:

  • Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуы жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
  • Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
  • Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
  • Білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін көтеру.

Осы мақсатты және міндетті негізге ала отырып, психологиялық қызметтің жұмыс  бағыттары бойынша жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Осы бағыттарды негізге ала отырып, психолог  жарты жылдық жоспар  бойынша бірнеше  жұмыстар атқарды.

2021-2022 оқу жылы қыркүйек айында барлық сыныптардың тізімі алынып, отбасылық жағдайы төмен, жартылай  жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды анықтадық. 1-11 сыныптар бойынша барлық сынып ұжымына сипаттама оқушылардың психологиялық- педагогикалық картасы, барлық сыныптарға психологиялық- диагностикалық картасы жасалды.

Мектепалды даярлық тобының мектепке психологиялық дайындығын зерттеу барысында, ,“Бұл не, танып ал”,“Не артық?” әдістемелері алынып қорытындылары шығарылды. Психологиялық диагностика бағыты бойынша 1-сынып оқушыларының мектепке  дайындығын анықтаубарысында Керн-Йирасектің «Мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау» тесті алынды. Барлық оқушы -22. Қатысқан оқушы-22.

Мақсаты: Мектепке қабылданатын балалардың психологиялық даярлығын анықтау.

 Барлық оқушылардың қиялының даму деңгейін, ойлау қабілетін ,қол қимылының жетілуін анықтау мақсатында жаттығулар алынып, әрбір тапсырма нәтижесі бағаланды.   Зерттеу нәтижесінде 1-сыныпқа қабылданған балалардың 54,5 %, оқуға дайын, 36,3-% оқушы орташа деңгейді, 9,2 % әлі де тереңірек зерттеуді керек етеді. Яғни,оқушылардың білім деңгейі «жақсы» деген нәтиже берді. 

Тест нәтижесі бойынша барлық оқушылар сұрақтар бойынша ойларын нақты жеткізе алмаулары (сөздік қорлары), өздерін ұстаулары, өз деңгейінде қалыптаспаған. Бірақ оқушылардың ата-аналарына ақыл-кеңес беріліп,  «Ер адам суретін салу», «Сөздер көшірмесі» әдістемелері жүргізіліп, түзету жұмыстары орындалды. 1-сынып оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары яғни, «Қисынсыздықтар?» әдістемесі, «Шатасқан сызықтар», «не жоғалды?» әдістемелері жүргізілді.












 


Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау мақсатында «Отбасы суреті» әдістемесі алынып, қорытындысы шығарылды.



Сонымен қатар 4-сынып оқушыларының ойлауын, зейінін дамыту мақсатында «Сөздерді тап» әдістемесі   алынды және де  «Жетіспейтін сөз» әдістемесі оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу қабілетін дамыту барысында жүргізілді.


  


1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы алынып, қорытындысы шығарылды. Мақсаты: Отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау

Сондай-ақ 5 «а»-сынып оқушыларымен онлайн түрінде  «Сіздің балаңыз- 5 сынып оқушысы» тақырыбында сауалнама алынды.

Сауалнаманың мақсаты: 5-сынып оқушыларының оқу үрдісіне бейімделуін анықтау.

  Бұл сауалнамаға 22 оқушы қатысты. Сауалнаманың нәтижесі бойынша   оқушылар қандай көңіл-күйде болатындығы, өздерін қалай сезінетіндігі, оқуда қандай кедергі болатындығы, үй тапсырмасын орындауда қанша уақыт пайдаланатындығы, сондай-ақ сынып өмірінде сынып жетекшінің рөлі қандай?- деген сұрақтарға жауап алынды.

Сонымен сауалнаманың қорытындысына тоқталсақ:

  Ең жоғарғы көрсеткіш көрсеткен 14 оқушы. Бұл балалардың өз өмірі ең құнды. Өйткені кеңістікті бағдарлай алады,өмірге де, мұғалімдерге де көзқарасы жақсы. Қиындықтарға  мойымай, керісінше, болашағына көңіл бөліп, соған әрекет жасауға тырысып талпынады. Көрсеткіші -63,6 % құрады.

  Сол сияқты жақсы деңгейді  5 оқушы болды. Бұл балалардың тәрбиелік қабілеті бар, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етеді. Жауапкершілікпен ойлана отырып, өз бойларындағы білімді толық айтып беруге ұялатындығы байқалды. Қорытынды көрсеткіші 22,7% құрады. Ең орташа деңгейді көрсеткен –3 оқушы. Бұл оқушылардың ойы шаршаңқы. Оның өз-өзіне деген сенімділігі аз, қарым-қатынастың жан-жақтылығы жеткіліксіз. Оны жақсартудың жолын білу керек. Бір жағынан өзін қайталанбас тұлға екенін естен шығармауы тиіс. Көрсеткіші 13,7 % құрады.Сонымен шешім шығара келе, сауалнаманың нәтижесі бойынша оқушылардың бойынан кеткен кемшіліктерді жою үшін оқушылармен «Менің көңіл-күйім», «Сенімділік сыры неде?» тренингтары жүргізілді.

5-8 сынып оқушыларымен «Өзін-өзі бағалау» сауалнамасы алынды. Мақсаты: оқушылардың бойында өзін-өзі тану мотивациясын құру, өзін-өзі тану рефлексияны дамытуға ықпал жасау.Сондай-ақ 8-9 сынып аралығында «Зеректілік пен байқампаздық анықтау » тест алынды.

  Бұл тесті 8-9 сынып оқушылары жылдамдықпен орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеттері жетіліп және  жеке басының қасиеттерін қалыптасып, дүние танымы кеңейтілді. 10-11 сыныптар   арасында «Қарым-қатынас жасай білу- бір өнер» тақырыбындағы   психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында  «Танысу»   жаттығуын жүргізу кезінде   оқушылар бір-біріне өзі білгісі келетін, атап айтсақ мынадай: Сенің алға қоятын мақсатың қандай?,Сен қандай кино көруді ұнатасың? ,Сенің сүйікті әншілерің кімдер?,Сенің сүйікті пәндерің ше? т.с.с. сұрақтарды қойып, олар бір-бірімен жақын араласып, қарым-қатынастарын қалыптастырды.

      Сонымен қатармектеп психологы оқушыларға ситуациялық сұрақтарды қою арқылы, яғни , жағдаяттарды шешуге жағдай жасады және өмірге құлшыныстарын ары қарай дамытты. 

Қорытындылай келе, «Жағымды эмоция қалыптастыру» жаттығуы барысында   оқушылар  әр түрлі заттарды кезек-кезек  ұсынып, бір-біріне ұнайтын қасиеттерін атап  айтты . 

Сонымен қатар балалар суицидінің  алдын алу  бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсам:

   «Жасөспірімдік суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында  ата-аналарға ақыл-кеңес берілді. Кеңестің барысында суицидалдық мінез-құлықтың типтері мен  әсер етуші факторларына, категорияларына тоқталдым. Сондай-ақ суицидалдық   мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерімен  де таныстырдым.

    Сондай-ақ ата-аналарға балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру  керектігін және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың салдарынан туындайтын жайттардың көптеп болуы жайында айтып өттім және де балалардың бұндай әрекетке баруы отбасы жағдайына да байланысты болатындығына да тоқталдым. Қазіргі таңда балалар қылмысқа ұрынатындай әрекеттер болған жоқ.


   

Сондай-ақ 9-11 сынып оқушыларынан Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануының сипатын зерттеу» тестісі алынды. 

Тестінің мақсаты: Оқушылардың   мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу. 

  Тестің нәтижесі  бойынша  оқушылардың мектеп өміріне енуі әртүрлі формалармен байланысты болды, яғни мұғалімдермен қарым-қатынас жасауы және тіл табысуы , сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан перспективалық көмектер берілсе , жалпы эмоционалдық күй жағдайына себепші болып, қолдау көрсетуі- 33% құраса,   сондай-ақ өз бойларындағы білімді толық айтып беруге ұялатындығы-15% , ал әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке   ұшыраудан қорқып, мазасызданулары- 7%, яғни,оқушылар осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі -52% құрады.   Кеткен кемшіліктерге шешім шығарылып, көңіл күйге, сенімді арттыру мақсатында тренингтар және ойын жаттығулары ұйымдастырылды.


   



Сонымен қатар 8-9 сыныптар «Сіз ашуланшақ адамсыз ба» тест алынды.

Мақсаты: 8-9 оқушылары жауапты сәтте өз іс-әрекеттерімен өз-өздерін қалай басқаруын анықтау.Оқушылар бойындағы жағымсыз қырларын  сұрақтар қою арқылы зерттелді.


   



Кеткен кемшіліктерге шешім шығарылып, көңіл күйге, сенімді арттыру мақсатында тренингтер және ойын жаттығулары  ұйымдастырылды. Сондай-ақ желтоқсан айында                9-11 сынып оқушылар аралығында  «Жасөспірімдердің эмоционалды ерікті аумағын дамыту» тақырыбында        бірнеше жаттығулар ұйымдастырылды. Атап айтсам, «Кім нені жақсы көреді?», «Сезімді тап», «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығулары жүргізілді. Оқушыларға жаттығудың шарты таныстырылды. Яғни, оқушылар    өздерінің жағымды және жағымсыз сезімдерді қимылмен көрсетулері сұралды. Ал басқа балалар қандай сезімді бейнелеп тұрғанын анықтау қажет болды. Әрбір оқушы жаттығу кезінде қандай сезім мен әсер алғандарын айтып, өз ойларымен бөлістіСонымен қатар Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау  бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсам:

«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға психологиялық көмек» тақырыбында ақыл-кеңес берілді. Мектеп психологі ақыл-кеңес барысында ата-аналарға ең  бастысы   балаларының  қобалжуы мен  толқуын   барынша  төмендету және  сабаққа   дайындығында  оған  оңтайлы   жағдайлар  туғызу және өз-өздеріне сенімділігін арттыру, баланың көңіл-күйлеріне мән беру жайында тоқталды. 11-сынып оқушылары  ата-аналары ұсынылған кеңестермен танысып, пікірлерімен  ой бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. ҰБТ-ға дайындықты неден бастауға болады? ақыл кеңес, «Күйзелісті жеңе аласыз ба?» психологиялық тест,  «Мамандықты дұрыс таңдай білейік?» психологиялық тренинг жұмыстары жүргізілді.

Толық емес отбасы балаларымен жүргізілген жұмыстар:

  Сондай-ақ  толық емес отбасы балалардың үйлеріне барып қамқоршыларымен кездесіп, сөйлесіп, ақыл кеңестер беріліп, балалармен жұмыстар жүргізілді.  «Адам. Ағаш. Үй» жобалаушы тестісі алынды.

  

 Оқушылар ағаштың, үйдің және адамның суреті қандай ретпен  салынуына негізделеді және де өмірлерінде не болып жатқанын анықтау. 

Осы Р. Бернстің тестісін нәтижесі бойынша   балалардың бойындағы мазасыздануды жою жолдары қарастырылып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ойын-жаттығулары,  «Мен және жанұям» тренингі жүргізілді. Сондай-ақ «Жанұя бақыты» жаттығуы жүргізілді.


 


   Жаттығу барысында  отбасыларымен «Бақытты жанұя» моделін құрып, суреттің жан-жағына «Отбасы татулықта, ынтымақта біз біргеміз!» сөзі арқылы өз ойларын жеткізді.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты және  зорлық-зомбылықтың және қатыгез  қараудың алдын алу жөніндегі жүргізілген жұмыстарға тоқталсам: қыркүйек айында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты және зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз алдын алудың   жылдық жоспары құрылып, бекітілді.  Қазан айында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және олардың жағымсыз қылықтарын болдырмауды қамтамасыз  ету мақсатында «Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Балалар түнгі қалада» акциясы өткізілді. Акция кезінде рейд жүргізілді. Рейдке тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоқсабаева С.Қ, мектеп психологы Туғанбаева А.Т, сынып жетекшілер қатысты. Барлығы бірлескен түрде ауыл көлеміндегі мектеп жасындағы оқушылар мен  жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 20:00-ден 00:00-ге дейінгі мезгілде көшеде ата-анасыз жүрмеуін қадағалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға түнгі уақытта балалардың үйде болуын  мұқият бақылау, балалардың түнде жалғыз жүрмеуі және қадағалаусыз қалмауы тиіс екендері ескертілді. Рейд нәтижесінде мектеп оқушылары тарапынан ешқандай құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.


   

8-11 сынып оқушылар арасында  «Мектеп оқушыларына көрсетілетін ерсі қылықтарды анықтау» сауалнамасы алынды.

Мақсаты: Оқушыларға өз жүрген орталарында әдепті болуға,  бұзақылық істерге бармауға, бойындағы адами қасиеттерді сақтауға, тәртіпті, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.                                                                                                                         8-11 сынып оқушыларынан алынған сауалнама жұмыстарының нәтижесі:                                                                                             Сауалнамаға 6 сұрақ қамтылды. Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан «Сізді ң мектепте бопсалау ( ақша жинау) бар ма?», «Сізге қай сыныптар қысым жасайды?», «Саған қатысты бопсалаушылық болғанда қалай тойтарыс бересің?»,«Ақшаны кім сұрайды?», « Сізге бопсалаушылық көрсетілген жағдайда сіз алдымен кімге жүгінесіз?» атты сұрақтарға жасырын жауап алынды. «Жасырын сауалнама» нәтижесі бойынша оқушылардың бір-біріне әлімжеттік көрсетуі, бірін-бірі бопсалау фактілері және жат қылықтардың болмағандығы анықталды, яғни, оқушылар барлық сұрақтарға бәрі де «жоқ» деп жауап беріп, 100% көрсеткішті көрсетті.                           Сондай-ақ мектепте оқымайтын балалардың, басқа мектеп оқушыларының күш көрсетуі анықталынған жоқ. 




Сауалнаманың барысы оқушылар бұзақылық істеуге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,  балалық шақтарын бағалау керектігін, ешқандай зорлық-зомбылық көрмей, қатігездіксіз өмір сүруге  бейімдеу   болды.

     Қараша айында 7-10 сынып оқушыларымен «Тұрмыстық зорлық - зомбылықтың баланың психо - эмоционалды дамуына әсері» тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Мектеп психологі Туғанбаева А.Т түсіндерме жұмыстарын жүргізу барысында мына мәселелерге тоқталды: яғни,балаларға қатысты зорлық - зомбылықтың алдын алу жолдары мен түрлеріне, сондай-ақ балалардың бойынан рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру керектігі  жайында ұсыныс білдірді.

    Сондай-ақ 7-10 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілер «Зорлықсыз тәрбие», «Қатігездіктен алыс балалық шақ», «Адам болып қалайық» тақырыптарында плакаттар салынып, оқушыларға  үндеу қағаздар таратылу арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

  Содан кейін 7-10 сынып оқушылары да зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша өз пікірлерін айтып, өз ойларын білдірді.





Желтоқсан айында 8-11 сынып аралығында  «Жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық» бойынша сауалнама алынды. Балаларға қатысты сексуальдық зорлық-зомбылық ересектермен немесе жасөспірімдер өзінің жыныстық сипаттағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы пайдаланатын зорлықтың түрі. Бұл сауалнамада жыныстық сипаттағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы сексуальдық әрекеттерге мәжбүрлеу, жалаңаштау, сол сияқты әр түрлі сұрақтарға жауап  алынды . Сауалнамаға қатысқан 62 оқушы. Сауалнама қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық көрсеткіштері байқалған жоқ.

Сұрақтар


А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

1

Сен зорлық-зомбылыққа ұшырадыңба?


100%






2

Егер «ИӘ» болса,қандай?

-

-

-

-

-

-

-

3

Кім жағынан?


-

-

-

-

-

-

-

4

Ол қалай білінеді?


-

-

-

-

-

-

-

5

Сен бұл туралы үлкендерге айттыңба?

-

-

-

-

-

-

-

6

Егер «ИӘ» болса, кімге?

-

-

-

-

-

-

-

7

Егер «ЖОҚ» болса, неліктен?

-

-

-

-

-

-

-


Сонымен қатар «Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»  жөніндегі жүргізілген жұмыстарға тоқталсам: қыркүйек айында қыздардың  жатқылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсінік беру мақсатында «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар арасында баяндама өткізілді. Қыздарға кеңестер беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қазан айында «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбындағы қыздар арасындағы дөңгелек үстелдің өтілді. Мақсаты: оқушылардың зиянды заттар     туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу.



Қараша айында «Қыз балалардың жеке бас гигиенасы» тақырыбында қыздармен кездесу өтті. Мақсаты: қыздарды тәрбиелі, білімді, өнерлі боп өсуге, қыз баланың гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулу. Қыздар тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер берді. Қыз балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, пікір алмасты.














Мектептегі  психологиялық  жұмыстар   жоспарға  сай  жүргізілуде.


      















Похожие публикации:

23 апрель 2022 Психолог бұрышы
10 март 2020 ыстық тамақ
08 сентябрь 2017 Мектеп тарихы