Мектеп психологінің мақсат міндеттері » Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77394554
Есепші бөлімі:
+7(72) 77395048
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
январь
2023

Мектеп психологінің мақсат міндеттері

           Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты:

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік- психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. 

ҚР Оқу – ағарту министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы (Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда –             ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 бұйрығымен өзгертулер енгізілген) және ҚР Оқу – ағарту министрлігінің №377 бұйрығы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы құқықтық актілерді негізге ала отырып:


            Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
  • Педагогтарға әлеуметтік-психологиялық диагностика негізінде білім алушылармен жеке жұмыс жасаудың тәсілін ұйымдастыру процесінде көмек көрсету;
  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
  • Білім беру процесі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру.