Мектеп психологінің талдау есебі » Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77394554
Есепші бөлімі:
+7(72) 77395048
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2023

Мектеп психологінің талдау есебі







 




«Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  мемлекеттік  коммуналдық   мекемесінің   психологиялық  қызметтің 2022-2023     оқу жылының І-ІІ-ІІІ  тоқсан бойынша жүргізілген жұмыстардың талдау есебі













Мектеп психологы:   Туғанбаева Ақмарал Тотыханқызы


     «Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің психологиялық қызметінің мақсаты - Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік - психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;

Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;

Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;

Педагогтарға әлеуметтік-психологиялық диагностика негізінде білім алушылармен жеке жұмыс жасаудың тәсілін ұйымдастыру процесінде көмек көрсету;

Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие процесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;

Әкімшілікпен, оқытушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;

Білім беру процесі субьектілерінің психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру.

Осы мақсатты және міндетті негізге ала отырып, психологиялық қызметтің жұмыс  бағыттары бойынша жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. І тоқсан бойынша бірнеше   жұмыстар атқарылды.

2022-2023 оқу жылы қыркүйек айында барлық сыныптардың тізімі алынып, отбасылық жағдайы төмен, жартылай  жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды анықтадық. 1-11 сыныптар бойынша барлық сынып ұжымына сипаттама оқушылардың психологиялық- педагогикалық картасы, барлық сыныптарға психологиялық- диагностикалық картасы жасалды.

Мектепалды даярлық тобының мектепке психологиялық дайындығын зерттеу барысында, ,“Бұл не, танып ал”,“Не артық?” әдістемелері алынып қорытындылары шығарылды. Психологиялық диагностика бағыты бойынша 1 сынып оқушыларының мектепке дайындығы,    мектепке бейімделуі психологиялық дайындықтарын зерттеу барысында «Керн -Йирасек» тесті алынды.  «Адамның суретін салу», «Сөздер көшірмесі», «Нүктелер көшірмесі»  Қатысқан оқушы-28.

Мақсаты: Мектепке қабылданатын балалардың психологиялық даярлығын анықтау.

 Барлық оқушылардың қиялының даму деңгейін, ойлау қабілетін ,қол қимылының жетілуін анықтау мақсатында жаттығулар алынып, әрбір тапсырма нәтижесі бағаланды.    Зерттеу нәтижесінде 1-сыныпқа қабылданған балалардың 54,5 %, оқуға дайын, 36,3-% оқушы орташа деңгейді, 9,2 % әлі де тереңірек зерттеуді керек етеді. Яғни,оқушылардың білім деңгейі «жақсы» деген нәтиже берді. 

Тест нәтижесі бойынша барлық оқушылар сұрақтар бойынша ойларын нақты жеткізе алмаулары (сөздік қорлары), өздерін ұстаулары, өз деңгейінде қалыптаспаған. Бірақ оқушылардың ата-аналарына ақыл-кеңес беріліп,  түзету жұмыстары орындалды. 1-сынып оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары яғни, «Қисынсыздықтар?» әдістемесі, «Шатасқан сызықтар», «не жоғалды?» әдістемелері жүргізілді.

Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау мақсатында «Отбасы суреті» әдістемесі алынып, қорытындысы шығарылды.

Сонымен қатар 4-сынып оқушыларының ойлауын, зейінін дамыту мақсатында «Сөздерді тап» әдістемесі  алынды және де  «Жетіспейтін сөз» әдістемесі оқушылардың сөздік қоры мен сөйлеу қабілетін дамыту барысында жүргізілді.

1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы алынып, қорытындысы шығарылды. Мақсаты: Отбасындағы балаға деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау

5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.

Сауалнаманың мақсаты: 5-сынып оқушыларының оқу үрдісіне бейімделуін анықтау.

  Бұл сауалнамаға 22 оқушы қатысты. Сауалнаманың нәтижесі бойынша  оқушылар қандай көңіл-күйде болатындығы, өздерін қалай сезінетіндігі, оқуда қандай кедергі болатындығы, үй тапсырмасын орындауда қанша уақыт пайдаланатындығы. Сонымен сауалнаманың қорытындысына тоқталсақ:

  Ең жоғарғы көрсеткіш көрсеткен 14 оқушы. Бұл балалардың өз өмірі ең құнды. Өйткені кеңістікті бағдарлай алады,өмірге де, мұғалімдерге де көзқарасы жақсы. Қиындықтарға   мойымай, керісінше, болашағына көңіл бөліп, соған әрекет жасауға тырысып талпынады. Көрсеткіші -63,6 % құрады.

  Сол сияқты жақсы деңгейді  5 оқушы болды. Бұл балалардың тәрбиелік қабілеті бар, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етеді. Жауапкершілікпен ойлана отырып, өз бойларындағы білімді толық айтып беруге ұялатындығы байқалды. Қорытынды көрсеткіші 22,7% құрады. Ең орташа деңгейді көрсеткен –3 оқушы. Бұл оқушылардың ойы шаршаңқы. Оның өз-өзіне деген сенімділігі аз, қарым-қатынастың жан-жақтылығы жеткіліксіз. Оны жақсартудың жолын білу керек. Бір жағынан өзін қайталанбас тұлға екенін естен шығармауы тиіс. Көрсеткіші 13,7 % құрады.Сонымен шешім шығара келе, сауалнаманың нәтижесі бойынша оқушылардың бойынан кеткен кемшіліктерді жою үшін оқушылармен «Менің көңіл-күйім», «Сенімділік сыры неде?» тренингтары жүргізілді.

5-8 сынып оқушыларымен «Өзін-өзі бағалау» сауалнамасы алынды. Мақсаты: оқушылардың бойында өзін-өзі тану мотивациясын құру, өзін-өзі тану рефлексияны дамытуға ықпал жасау.Сондай-ақ 8-9 сынып аралығында «Зеректілік пен байқампаздық анықтау » тест алынды.

  Бұл тесті 8-9 сынып оқушылары жылдамдықпен орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеттері жетіліп және  жеке басының қасиеттерін қалыптасып, дүние танымы кеңейтілді. 10-11 сыныптар  арасында «Қарым-қатынас жасай білу- бір өнер» тақырыбындағы  психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында  «Танысу»  жаттығуын жүргізу кезінде  оқушылар бір-біріне өзі білгісі келетін, атап айтсақ мынадай: Сенің алға қоятын мақсатың қандай?,Сен қандай кино көруді ұнатасың? ,Сенің сүйікті әншілерің кімдер?,Сенің сүйікті пәндерің ше? т.с.с. сұрақтарды қойып, олар бір-бірімен жақын араласып, қарым-қатынастарын қалыптастырды.

     Сонымен қатармектеп психологы оқушыларға ситуациялық сұрақтарды қою арқылы, яғни , жағдаяттарды шешуге жағдай жасады және өмірге құлшыныстарын ары қарай дамытты. 

Қорытындылай келе, «Жағымды эмоция қалыптастыру» жаттығуы барысында   оқушылар  әр түрлі заттарды кезек-кезек  ұсынып, бір-біріне ұнайтын қасиеттерін атап  айтты . 

Сонымен қатар балалар суицидінің  алдын алу  бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсам:

   «Жасөспірімдік суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында  ата-аналарға ақыл-кеңес берілді. Кеңестің барысында суицидалдық мінез-құлықтың типтері мен  әсер етуші факторларына, категорияларына тоқталдым. Сондай-ақ суицидалдық   мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерімен  де таныстырдым.

    Ата-аналарға балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру  керектігін және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың салдарынан туындайтын жайттардың көптеп болуы жайында айтып өттім және де балалардың бұндай әрекетке баруы отбасы жағдайына да байланысты болатындығына да тоқталдым. Қазіргі таңда балалар қылмысқа ұрынатындай әрекеттер болған жоқ.

Сондай-ақ 9-11 сынып оқушыларынан Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануының сипатын зерттеу» тестісі алынды. 

Тестінің мақсаты: Оқушылардың   мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу. 

  Тестің нәтижесі  бойынша   оқушылардың мектеп өміріне енуі әртүрлі формалармен байланысты болды, яғни мұғалімдермен қарым-қатынас жасауы және тіл табысуы , сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан перспективалық көмектер берілсе , жалпы эмоционалдық күй жағдайына себепші болып, қолдау көрсетуі- 33% құраса,  сондай-ақ өз бойларындағы білімді толық айтып беруге ұялатындығы-15% , ал әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке  ұшыраудан қорқып, мазасызданулары- 7%, яғни,оқушылар осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі -52% құрады.  Кеткен кемшіліктерге шешім шығарылып, көңіл күйге, сенімді арттыру мақсатында тренингтар және ойын жаттығулары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау  бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталсам:

«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға психологиялық көмек» тақырыбында ақыл-кеңес берілді. Мектеп психологі ақыл-кеңес барысында ата-аналарға ең  бастысы   балаларының  қобалжуы мен  толқуын   барынша  төмендету және  сабаққа   дайындығында  оған  оңтайлы   жағдайлар  туғызу және өз-өздеріне сенімділігін арттыру, баланың көңіл-күйлеріне мән беру жайында тоқталды. 11-сынып оқушылары  ата-аналары ұсынылған кеңестермен танысып, пікірлерімен  ой бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. ҰБТ-ға дайындықты неден бастауға болады? ақыл кеңестер беріліп, жұмыстары жүргізілді.

Толық емес отбасы балаларымен жүргізілген жұмыстар:

  Сондай-ақ  толық емес отбасы балалардың үйлеріне барып қамқоршыларымен кездесіп, сөйлесіп, ақыл кеңестер беріліп, балалармен жұмыстар жүргізілді.  «Адам. Ағаш. Үй» жобалаушы тестісі алынды.

  

 Оқушылар ағаштың, үйдің және адамның суреті қандай ретпен  салынуына негізделеді және де өмірлерінде не болып жатқанын анықтау. 

Осы Р. Бернстің тестісін нәтижесі бойынша  балалардың бойындағы мазасыздануды жою жолдары қарастырылып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, ойын-жаттығулары,  «Мен және жанұям» тренингі жүргізілді. 

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты және  зорлық-зомбылықтың және қатыгез  қараудың алдын алу жөніндегі жүргізілген жұмыстарға тоқталсам: құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты және зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз алдын алудың   жылдық жоспары құрылып, бекітілді.  қыркүйек айында 8-11 сынып аралығында  «Жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық» бойынша сауалнама алынды. Балаларға қатысты сексуальдық зорлық-зомбылық ересектермен немесе жасөспірімдер өзінің жыныстық сипаттағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы пайдаланатын зорлықтың түрі. Бұл сауалнамада жыныстық сипаттағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы сексуальдық әрекеттерге мәжбүрлеу, жалаңаштау, сол сияқты әр түрлі сұрақтарға жауап  алынды . Сауалнамаға қатысқан 62 оқушы. Сауалнама қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық көрсеткіштері байқалған жоқ.


Сұрақтар


А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

1

Сен зорлық-зомбылыққа ұшырадыңба?


100%






2

Егер «ИӘ» болса,қандай?

-

-

-

-

-

-

-

3

Кім жағынан?


-

-

-

-

-

-

-

4

Ол қалай білінеді?


-

-

-

-

-

-

-

5

Сен бұл туралы үлкендерге айттыңба?

-

-

-

-

-

-

-

6

Егер «ИӘ» болса, кімге?

-

-

-

-

-

-

-

7

Егер «ЖОҚ» болса, неліктен?

-

-

-

-

-

-

-


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және олардың жағымсыз қылықтарын болдырмауды қамтамасыз  ету мақсатында «Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Балалар түнгі қалада» акциясы өткізілді. Акция кезінде рейд жүргізілді. Рейдке тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоқсабаева С.Қ, мектеп психологы Туғанбаева А.Т, сынып жетекшілер қатысты. Барлығы бірлескен түрде ауыл көлеміндегі мектеп жасындағы оқушылар мен  жасөспірімдердің түнгі уақытта сағат 20:00-ден 23:00-ге дейінгі мезгілде көшеде ата-анасыз жүрмеуін қадағалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналарға түнгі уақытта балалардың үйде болуын  мұқият бақылау, балалардың түнде жалғыз жүрмеуі және қадағалаусыз қалмауы тиіс екендері ескертілді. Рейд нәтижесінде мектеп оқушылары тарапынан ешқандай құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

8-11 сынып оқушылар арасында «Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының алдын алу» тақырыбында сауалнама алынып қорытындысы шығарылды. 


Сонымен қатар «Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» жөніндегі жүргізілген жұмыстарға тоқталсам: қыркүйек айында қыздардың  жатқылықтарды ажырата білуі, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани болмысына келтіретін зияны туралы түсінік беру мақсатында «Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздар арасында баяндама өткізілді. Қыздарға кеңестер беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.


«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыбындағы қыздар арасындағы дөңгелек үстелдің өтілді. Мақсаты: оқушылардың зиянды заттар туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу.

8 сыныптан «Менің сыныбым» әдістемесі алынып, нәтижесі шығарылды. 9-11 сынып оқушыларынан «Филлипстің мектептегі мазасыздану» тесті алынып, анықтамасы шығарылды. Тестінің мақсаты: Оқушылардың  мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу. Тестің нәтижесі  бойынша   оқушылардың мектеп өміріне енуі әртүрлі формалармен байланысты болды, яғни мұғалімдермен қарым-қатынас жасауы және тіл табысуы , сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан перспективалық көмектер берілсе , жалпы эмоционалдық күй жағдайына себепші болып, қолдау көрсетуі- 33% құраса,  сондай-ақ өз бойларындағы білімді толық айтып беруге ұялатындығы-15% , ал әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке  ұшыраудан қорқып, 

мазасызданулары - 7%, яғни,оқушылар осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі -52% құрады.



«Біздің жағымды қасиеттеріміз» психологиялық тренинг, «Достық» психологиялық тренинг, «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» психологиялық тренинг, «Г.Н. Казанцеваның «Өзін-өзі бағалау»  тесті алынып, нәтижесі шығарылды. Оқушылармен «Буллинг дегеніміз не?» түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сауалнама алынды. Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллинг, кибербуллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту.

9-10 сынып оқушыларына «Буллинг, кибербуллинг деген не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көптеген мәліметтер берілді.                                   

Қорытынды: Оқушылар буллинг туралы 79,9% біледі, басқа біреуге қорлық көрсетуінің куәсі 87,6% болған жоқ, білім мекемесінде  қорлау, жәбірлеу 100% орын алған жоқ. Мектебiмiзде зорлық-зомбылықтың алдын-алуда буллинг мәcелеciмен талаптарға cай жұмыcтар жүргiзiлуде.

11-сыныптардан ҰБТ-ға байланысты «Күйзелісті жеңе аласыз ба?» тақырыбында тест алынды. 5-6 сынып оқушыларымен «Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау» (Н.Г.Лусканова) тақырыбында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.                                   9-11 сынып оқушыларының ата-аналарынан « Ата-ана және бала» тест тақырыбында сауалнама жүргізілді. Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

9-11 сынып аралығында «Оқушылармен қатал қарым-қатынасты анықтау» сауалнама жүргізілді. Мақсаты:  Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. 

Сауалнамаға:  38 оқушы қатысты.

Оқушыларға сауалнаманы жасырын түрде жүргізілетіні, әр сұрақты мұқият оқып, танысып болған соң керекті жауаптың астын сызып, берілген жауаптың ешқайсысы көңілінен шықпаса өз пікірін жазуға болатыны ескертіліп, түсіндіріліп айтылды. Алдағы уақытта зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау үшін сынып жетекшілеріне сауалнама қорытындысы үнемі назарда ұстау ескерілді.

Сондай-ақ ата – аналармен де «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг, «Сіз қандай ата анасыз» тақырыбында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.


Мектептегі  психологиялық  жұмыстар   жоспарға  сай  жүргізілуде.


       


Мектеп директоры:                     Балтабаев А.Ж


    Мектеп психологы:                     Туғанбаева А.Т