"Денсаулық фестиваль" » Д.Қонаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Балқаш ауданы білім бөлімінің
"Д.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77394554
Есепші бөлімі:
+7(72) 77395048
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2022

"Денсаулық фестиваль"

«Салауатты өмір салтын ұста!» ұранымен «Денсаулық фестивалі » акциясы аясында өткізілетін іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді.

6-7 сыныптар арасында «Жүгіруден», «Турникке тартылудан», «Арқан тартыстан», 9-сынып арасында «Қол күрестен» сайыстар өтті.Нәтижесінде: -Жүгіруден 6 сыныптың қыздары арасында І орынды Таңатқызы Айым, ІІ орынды Таубай Ақниет, ІІІ орынды Нұрқасен Мәншүк, ұлдары арасында І орынды Сапарғали Әділер, ІІ орынды Жұматай Нұрсұлтан, ІІІ орынды Ораз Ерасыл иеленді. 7 сыныптың қыздары арасында І орынды Игенбай Фатима, ІІ орынды Мейрамғали Ақниет, ІІІ орынды Кенжехан Ақниет, ұлдары арасында І орынды Ерболұлы Досжан, ІІ орынды Таңат Айқын, ІІІ орынды Мұратбек Досжан иеленді.

         6-7 сыныптың ұлдары «Арқан тартыстан» сайысты. 6-сыныптың ұлдары керемет өнер көрсетті. Нәтижесінде: 6 сыныптан І орынды Мейрамғали Қайрат, ІІ орынды  Ораз Ерасыл, ІІІ орынды Сапарғали Әділер, 7 сыныптан І орынды Сапарғали Сағыныш, Уәлихан Әлибек, ІІІ орынды Мұратбек Досжан иеленді.

        9 сыныптың ұлдары арасында «Қол күрестен» өте тартымды сайыс болды. Ұлдар бір-біріне өздерінің мықтылықтарын көрсете білді. І орынды Серғазы Әбілқайыр, ІІ орынды  Қуаныш Қуат,ІІІ орынды Марат Санжар қанжығасына байлады.

6-7 сыныптың ұлдары арасында ұйымдастырылған «Турникке тартылу» сайысы өте тамаша болды. Балалар өздерінің ептіліктерін,шапшаңдықтарын керемет көрсете білді. 6 сыныптан І орынды Мейрамғали Қайрат,ІІ орынды Ораз Ерасыл, ІІІ орынды Сапарғали Әділер, 7 сыныптан І орынды тағыда Сапарғали Сағыныш, ІІ орынды Уәлихан Әлибек, ІІІ орынды Мұратбек Досжан иеленді.

    «Денсаулық фестивалі» өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар спортқа деген сүйіспеншіліктерін, ептіліктерін, шапшаңдықтарын,ұйымшылдықтарын көрсете білді.Әрдайым бір-бірін қолдап отырды. Барлық сайыс түрлерінде қауіпсіздік шаралары сақталып отырылды.

    Фестиваль соңында қатысушыларға құрмет көрсетіліп, «Мақтау қағаздарымен» марапатталды.

«Жүгіру»

  

«Арқан тартыс»



         


Похожие публикации:

01 март 2022 Ата-аналарға
11 февраль 2022 Психолог бұрышы
23 апрель 2022 Психолог бұрышы
08 сентябрь 2017 Мектеп тарихы